Америка Украинаға 61 миллиард доллар көмек береді

Мұндай заң жобасын АҚШ конгресінің жоғары палатасы 23 сәуір кешке қабылдаған.

Malim Админ

  • 24.04.2024

Жалпы сомасы 95,3 миллиард доллар болатын қаражаттың 61 миллиарды Ресеймен соғысып жатқан Украинаға қару-жарақ пен басқа көмект ретінде беріледі. Қалғаны Тайвань мен Израиль мемлекеттеріне беріледі. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады. 

Заң жобасы негізінде 60,8 миллиард доллар – Украинаға, 26,4 миллиард - Израиль мен Газаға гуманитарлық көмекке жұмсалады. Ал 8,1 миллиард Тайвань мен АҚШ-тың Тынық мұхиты аймағындағы одақтастарына беріледі. 

Әлемдегі одақтастарымыз кейінгі алты айда конгресті бақылап, Америка күш біріктіріп, осы сәттің маңыздылығын мойындай ала ма деген сұрақ жетегінде болды. Бүгін сенат "иә" деп жауап берді, - деді демократтар жетекшісі Чак Шумер.

Заң жобасын 79 конгресмен қолдап, 18-і қарсы болған. Құжаттқа АҚШ президенті Джо Байден қол қойғаннан кейін күшіне енуі тиіс.

Фото: lenta.ru