Әлеуметтік маңызды азық түрлері биылдыққа 0,3% қымбаттаған

Ал тұрақтандыру қорлары былтырдан қалған көкөністі сатып бітіру керек

Malim Админ

  • 11.05.2024

Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының қазіргі жағдайы мен олардың қолжетімділігіне қатысты мәселелер қаралды, деп хабарлайды Malim kz.

Жиында белгілі болғаны, 2024 жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының орташа өсім индексі 0,3% құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 пайыздық тармаққа төмен.

Тоғыз өнім бойынша 0,1%-2,8% шегінде бағаның төмендеуі байқалады, атап айтсақ: ұн, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, сары май, айран, сүзбе, қырыққабат, қант және жұмыртқа. 

Дегенмен, статистика бойынша маусымаралық кезеңде және ерте піскен көкөністер сатылымға қойылған кезде пияз, картоп, сәбіз бағасының біршама өскені байқалады.

ҚР АШМ деректеріне сүйенсек, өңірлердің тұрақтандыру қорларында былтырғы өнімнен қалған 76,4 мың тонна көкөніс бар, нақтырақ айтсақ: 45,5 мың тонна картоп, 11,2 мың тонна сәбіз, 10,4 мың тонна пияз, 9,1 мың тонна қырыққабат. Өзбекстан мен Тәжікстаннан және Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен ерте піскен өнім жаппай түскенге дейін көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін Серік Жұманғарин қысқа мерзім ішінде былтырдан қалған барлық өнімді сатуды тапсырды. 

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, 12 өңір «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығының көмегімен импорттық көкөністерді жеткізуге Тәжікстан мен Өзбекстанның мемлекеттік кәсіпорындарымен шарт жасасқан. Сонымен қатар әкімдіктер Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының өндірушілерімен 29,6 мың тонна ерте пісетін көкөністерді жеткізуге келісімшарт жасасты.

Бұған қоса, кеңес барысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі көкөніс сақтау қоймалары мен азық-түлік қоймаларының жағдайына ерекше назар аударылды. Әкімдіктердің мәліметінше, қазіргі уақытта бірде-бір қойма мен оның ішіндегі өнімге су тасқынынан залал келген жоқ.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

31.05.2024

Елімізде айналымға жаңа 10 мың теңге шығады

30.05.2024

Утильалым – отандық өндірістің дамуына ықпал ететін маңызды құрал - сарапшы

29.05.2024

Елімізде мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 2 есеге өсті

29.05.2024

Рашид Жақсылықов: Ресей Каспий құбырын жекешелендірсе, қазақ мұнайының өндірісі тоқырайды

29.05.2024

Премьер-министр өндіріске жаңа технологияларды енгізу үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды

28.05.2024
MalimBlocks
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Пайыздық дәліз +/- 1,0 п.т.

Елімізде айналымға жаңа 10 мың теңге шығады

Банкноталар жаппай қолданысқа 2024 жылғы қыркүйекте беріле бастайды

Утильалым – отандық өндірістің дамуына ықпал ететін маңызды құрал - сарапшы

Аналитика және экономика саласындағы сарапшы Қанат Оспанов еліміздегі утильалымға қатысты пікір білдірді

Елімізде мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 2 есеге өсті

Мұнай-газ-химия саласын одан әрі дамыту – елдің экономикалық өсімінің негізі.

Рашид Жақсылықов: Ресей Каспий құбырын жекешелендірсе, қазақ мұнайының өндірісі тоқырайды

Ресей президенті Путин 23 мамырда АҚШ салған санкцияларға жауап ретінде Ресей аумағындағы Американың жылжитын және жылжымайтын мүлікін өз шығынын өтеу үшін тәркілеуге құқық беретін жарлыққа қол қойды.

Премьер-министр өндіріске жаңа технологияларды енгізу үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды

Үкімет басшысы кез келген мемлекеттің өнеркәсіп саласының табысты дамуы негізінен өңдеу секторына байланысты екенін атап өтті.