«ЖИ қолданады»: Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түріне байланысты мәлімдеме жасады

Зиян тигізетін сілтемелер балалар байқауына дауыс беру немесе әлеуметтік маңызы бар тақырыптарда сауалнамаға қатысуға шақыру түрінде де жіберілуі мүмкін.

Malim Админ

  • 25.04.2024

Қазақстан Ұлттық банкі жасанды интеллектті қолданушы алаяқтардың көбейіп келе жатқанын ескертеді, онда олар өз құрбанының туысы, жақын адамы немесе танымал медиа-тұлға болып дауысын салады, деп хабарлайды Malim.kz.

Адамның шынайы дауысын пайдалану үшін қаскөйлер мессенджерлердегі (WhatsApp, Telegram және т.б.) аккаунттарды бұзып, дауыстап айтылған хабарламаларды көшіріп алып, оларды нейрондық желіге жүктейді, не болмаса дауыс өзгертетін технологияларды қолданады. Кейін смартфон иесінің дауысы ақша жіберуді сұрайтын өтінішке айналып, дауыстық хабарлама түрінде жіберіледі, тіпті сол адамның атынан мәтінмен де келуі мүмкін, - делінген хабарламада.

Смартфонға бұзып кіру үшін алаяқтар ұялы байланыс операторының техникалық қолдау қызметінен деп қоңырау шалып, телефонға келген кодты айтуын сұрайды. Зиян тигізетін сілтемелер балалар байқауына дауыс беру немесе әлеуметтік маңызы бар тақырыптарда сауалнамаға қатысуға шақыру түрінде де жіберілуі мүмкін.

Содан кейін айласын асыруға кірісетін қаскөйлер алаяқтыққа көшіп, адамдардан ақша алу үшін туысының, әріптесінің, танысының, қандай да бір медиа-тұлғаның атынан байланысқа шығады.

Жасанды интеллекттің әртүрлі құралымен мессенджерлерде «күштік құрылым өкілдерінің» (ҚР ІІМ, Бас прокуратура және т.б.) атынан бейнеқоңырау шалып, азаматтарды Қазақстан Ұлттық Банкімен «бірлесіп жасалатын» төлем операцияларына қатысуға үндейді. Әңгіме барысында резервтелген ұяшықтың немесе брондалған қаражаттың қағаздары деп Ұлттық Банктің атынан жалған құжат ұсынады. Азаматтардың сеніміне кіру үшін жалған құжаттарда мемлекеттік органдардың немесе жеке компаниялардың «уәкілетті адамы» қойған қолы мен оның аты-жөні және басылған мөрі көрсетіледі. Ұлттық Банк мобильді телефонды бұзып кіруге жол бермес үшін күдікті сілтемелерге өтпеуге, телефонға келген код пен парольді ешкімге айтпауға және жібермеуге кеңес береді. Ескеріңіз, Ұлттық Банктің қызметкерлері мессенджер арқылы аудио/видеоқоңырау шалмайды. Банк қызметкері болып қоңырау шалған адаммен арадағы әңгімені үзіп, қандай да бір шараға немесе төлем операцияларын жүргізуге қатысудан бас тартыңыз, - делінген хабарламада.

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, ақша құралдарын сақтандырумен айналыспайды және халықпен ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізбейді.

Фото: aqtobegazeti.kz

Байланысты жаналықтар

ҚМДБ Шымкенттегі мешітте болған төбелеске қатысты мәлімдеме жасады

14.05.2024

Павлодар облысында шенеуніктер 89 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

04.05.2024

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

24.04.2024

«Тоқаевты әрдайым қолдаймыз»: Нұрсұлтан Назарбаев қоры мәлімдеме жасады

16.04.2024

Базалық мөлшерлеме 14,75% деңгейінде қалды – Ұлттық банк

12.04.2024

Қорғаныс министрлігі Ресейдің Дума депутаты таратқан ақпаратты «қауесет» деп атады

03.04.2024
MalimBlocks
ҚМДБ Шымкенттегі мешітте болған төбелеске қатысты мәлімдеме жасады

Намаз бен діни рәсімдер Әбу Ханифа мәзһабы бойынша орындалады.

Павлодар облысында шенеуніктер 89 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық және заттай дәлелдемелермен, сондай-ақ сараптамалық қорытындылармен дәлелденген.

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

Ол платформа пайдаланушыларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететіндерін айтты.

«Тоқаевты әрдайым қолдаймыз»: Нұрсұлтан Назарбаев қоры мәлімдеме жасады

Қор өкілдері қордың қызметінде саяси да, ақпараттық-манипуляциялық та сипат жоқ екенін атап өтті.

Базалық мөлшерлеме 14,75% деңгейінде қалды – Ұлттық банк

Ақпанда және наурызда жылдық инфляция төмендеу үрдісін жалғастырды.

Қорғаныс министрлігі Ресейдің Дума депутаты таратқан ақпаратты «қауесет» деп атады

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Татарстанға ұшқышсыз ұшақтар Қазақстаннан шабуылдады деген сөзді жоққа шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.