«Қасақана өлтірген жоқпын»: Бишімбаев сотта жауап берді

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованың өліміне қатысы бар екенін мойындайтынын, бірақ ерекше қатыгездікпен өлтірді деген айыпты жоққа шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Malim Админ

  • 01.04.2024

Қуандық Бишімбаев сотта қасақана әрі қатігездікпен кісі өлтіру бабы айыпты мойындамайтынын, алайда оның өліміне қатысы бар екенін мойындайтынын мәлімдеді.

Ол өлді дегенді әуелі қабылдау маған өте қиынға соқты. Маған бірдеңе деудің өзі өте қиын. Ең алдымен, кешірім берер деп үміттенбей-ақ, осындағы туған-туыстарынан кешірім сұраймын. Мұнда жәбірленушілер, оның туыстары мен ата-аналары бар – бәрінен кешірім сұрағым келеді. Мені кешіреді күтпеймін, бірақ бұл менің ішкі міндетім және менің жүрегімдегі үнім. Мен бұл орны толмас шығын екенін түсінем әрі бұл жағдайларға қатысым бар екенін білем.

Жаратушының алдында мен жауап бере аламын. Сіздердің алдарыңызда да. Мен Салтанатты сүйдім. Қасақана өлтірген жоқпын. Мен оның өліміне қатысы бар екенімді мойындаймын, — дейді ол.

Бишімбаев әлі де сотта жауап беріп жатыр.

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Фото: дереккөз

Байланысты жаналықтар

Ақтөбеде бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

31.05.2024

Астанада лауазымды қызмет атқарған шенеуніктер пара алған

31.05.2024

Астанада құрылысшы краннан құлап, қаза болды

31.05.2024

ҚТЖ қызметкерлері 159 миллион теңгені ұрлағаны үшін сотталды

31.05.2024

Астанада балабақшаға қабылдау қашан басталады

30.05.2024

Ішкі істер органдарының бірқатар басшысы жүйелі жемқорлығы үшін сотталды

30.05.2024
MalimBlocks
Ақтөбеде бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

Сотта сотталушы кінәні толық мойындады.

Астанада лауазымды қызмет атқарған шенеуніктер пара алған

Сотталушыларға екі эпизод бойынша айып тағылды. 

Астанада құрылысшы краннан құлап, қаза болды

Оның жасы небәрі 22-де болған.

ҚТЖ қызметкерлері 159 миллион теңгені ұрлағаны үшін сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Астанада балабақшаға қабылдау қашан басталады

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды. 

Ішкі істер органдарының бірқатар басшысы жүйелі жемқорлығы үшін сотталды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді.