Райымбек Баталов Бишімбаевтың айтқанын сандырақ деді (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде видеоүндеу жасаған бизнесмен осындай пікір айтты.

Malim Админ

  • 23.04.2024

Сәуірдің 23-күні бизнесмен Райымбек Баталов өзінің Instagram парақшасында видеоүндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мен соңына дейін Бишімбаев сотына қатысты пікір білдіргім келмеген. Бірақ менің атыма кір келтіретін толассыз жаман әңгіме мәлімдеме жасауға мәжбүр етіп отыр. Сұмдық қылмыс жасаған айыпталушының маған қатысты сөзінің сандырақ екенін айтқым келеді. Бұл барып тұрған өтірік. Сіздерден мұндай өтірікке сенбеуді сұраймын. БАҚ өкілдері мен блогерлер, жалған ақпарат таратпаңыздар. Және де, қайғы жамылып, қызының ар-намысын қорғауға мәжбүр болған Салтанаттың туыстарына жаным ашиды. Бұл - сұмдық.

Нүкеновтер отбасына қайғырып көңіл айтамын, - деді ол.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Raimbek (@raimbekbatalov)

Фото: Видеодан скрин