Су тасқыны: Қостанай облысында зардап шеккен тұрғындар жаңа пәтерлерге ие болды

Жаңа қоныстанушыларды облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтап, плазмалық теледидарлар мен кілемді сыйға тартты.

  • 18.04.2024

Бүгін Арқалық қаласында тасқын судан зардап шеккен отбасыларға жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді. Пәтерлер республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынды. Екідің және Қызылжұлдыз ауылдарының тасқыннан жапа шеккен 27 тұрғыны билік өкілдеріне ауылдан қалаға көшуге ниет білдіргендері туралы өтініш жасаған, деп хабарлайды Malim.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш көпбалалы отбасы үш және төрт бөлмелі пәтерлерге ие болды.

Жаңа қоныстанушыларды облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтап, плазмалық теледидарлар мен кілемді сыйға тартты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қостанай облысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқынынан келген шығынды өтеуге байланысты мәселелерді шешу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгін алып жатқан жаңа пәтерлеріңізде амандық, тыныштық пен береке орын алып, қиындықтар артта қалсын , - деді аймақ басшысы жаңа тұрғын үй иелерін құттықтап. – Бәріміз бірге үлкен қиындықты бастан өткеріп, жеңіп шықтық. Қазір жағдай тұрақталып, залалды бағалау жөніндегі комиссиялар жұмыс істеп жатыр, зардап шеккен тұрғындардың өтемақы мен жаңа баспана алады. Алғашқылардың бірі болып, міне, өздеріңіз алып жатырсыздар. Дұрыс шешім қабылдап, қауіпсіз әрі жайлы жерге көшкендеріңізге қуаныштымын.

Төрт бөлмелі пәтерге қоныстанған көп балалы отбасының бірі – Тубековтер.

Отағасы Бағдат су тасқыны кезінде басынан өткен жайт туралы былай дейді:

Жаңа пәтер салуға қаражатымыз жоқ. Ата-анамызбен бірге тұрамыз, үш бала тәрбиелеп отырмыз. Отбасымыз үлкен – 7 адам. Әйелдер мен балаларды бірден қалаға жібердім. Бойымызды үрей биледі. Жағдайымыз не болады, ары қарай қалай өмір сүреміз деген сұрақтар бойымызға қоқыныш ұялатты. Малымыз да суға батып кетті. Осындай қиын-қыстау кезде қол ұшын созған Ел Президентіне үлкен рахмет! Бізді жалғыз қалдырмады, тез арада шаралар қабылданды. Балаларды №5 ОМ орналастырып, барлық кеңсе тауарларын алып берді, түскі аспен қамтамасыз етті. Бірден 100 мың теңге өтемақы және 180 мың теңге біржолғы көмек берілді. Ал бүгін отбасымыз жөнделген және жиһазы бар төрт бөлмелі үлкен пәтерге көшті! Шексіз қуаныштымыз!

Горбачев көшесі, 57-үйдің иелері қазір өздерін Арқалық тұрғындарымыз деп атайды, олардың да баспанасы су астында қалған. Кенжетай Есмағанбетовтің отбасында жеті адам бар.

Қайғылы оқиғадан кейінгі алғашқы күндері біз барлық мемлекеттік органдардың көмегі мен қамқорлығын сезіндік. Екі бала бірден Алматыдағы сауықтыру лагеріне жіберілді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа зардап шеккендерге қатысты тез шешім қабылданғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Ең бастысы, билік бізге пәтер таңдау құқығын берді, өзіміз қалаған пәтерді таптық және бұл үш бөлмелі пәтер қатты ұнады, - дейді ол.

Арқалық қаласы әкімі Әмірхан Асановтың айтуынша, 27 пәтерді сатып алуға келісімшарт жасалған. 

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 370 млн теңгеге 27 пәтерді сатып алуға келісімшарт жасалды, төлем тіркеу рәсімдері аяқталған соң жүзеге асырылады және пәтерлерді зардап шеккендердің меншігіне өтеусіз негізде беру жүргізіледі, - деді әкім.

Мемлекет қолдауының арқасында 151 адамнан тұратын 27 отбасы, оның ішінде 55 бала баспаналы болғаны атап өтілді.

Фото: Қостанай облысының әкімдігінің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Қостанай облысында құлаған ұшақтың бортында науқас болған

04.05.2024

Су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі ахуал жайлы ақпаратты жаңартты

04.05.2024

Қостанай облысында ұшақ апатқа ұшырады: Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

03.05.2024

Қостанай облысында ұшақ апатқа ұшырады

03.05.2024

Жайық өзенінде су деңгейі тағы да көтеріліп жатыр

03.05.2024

Су тасқыны: Үкімет тұрғындардың коммуналдық төлемін кейінге шегерді

03.05.2024
MalimBlocks
Қостанай облысында құлаған ұшақтың бортында науқас болған

Пациент миокард инфарктісін алған.

Су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі ахуал жайлы ақпаратты жаңартты

Су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 мыңнан астам адам жұмылдырылған.

Қостанай облысында ұшақ апатқа ұшырады: Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Ұшақта 2 экипаж мүшесі мен 3 қызметкер жолаушы болған.

Қостанай облысында ұшақ апатқа ұшырады

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ұшақ санитарлық авиацияға тиесілі екен.

Жайық өзенінде су деңгейі тағы да көтеріліп жатыр

Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы өкілдері мәлімдеді. 

Су тасқыны: Үкімет тұрғындардың коммуналдық төлемін кейінге шегерді

Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар, яғни, әкімдер жасайды.