Тірі малды өлекселердің ішіне ұстаған тұрғынға ауылдастары шағымданды

Қорада өлекселерден бөлек, балшыққа батып, әрең қозғалып жатқан үй жануарлары бар.

Malim Админ

  • 04.05.2024

Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылының тұрғыны малдың өлексесін қорасынан шығармай, оның қасында басқа түліктерін асыраған. Ауылдастары үй иесіне шағым білдірді.

Оның видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр. Бейнежазбадан ашық қорада жылқы, шошқа малдары аралас жатыр. Мұнда өлекселерден бөлек, балшыққа батып, әрең қозғалып жатқан үй жануарларын байқауға болады.

Жазбада Қырғауылды ауылында жылқылар мен шошқалар өлексенің жанында тұрғыны жазылған. «Көп жылдан бері осы мәселе шешілмей келеді. Дәлірек айтқанда, біз ол туралы бүгін ғана білдік. Біз жағымсыз иіс бұл жер лас болғандықтан шығады деп ойладық. Алайда ол өлексенің иісі екен. Осыған шара қолдануын сұраймыз», - деп жазады тұрғындар.

Аталған жайтқа  қатысты Алматы облысының әкімдігі түсініктеме берді.

«Көше тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша Қарасай аудаы әкімінің орынбасары мал иесімен әңгімелесті. Нәтижесінде шошқа мен жылқы сату туралы келісімге қол жеткізілді. 4 мамырдан бастап Октава баспанасына тіркелмеген 26 шошқаны уақытша орналастыру туралы келісім жасалды. Баспанада ветеринарлық сараптама және жануарлар карантині жүргізіледі, жылқылар тасымалданады. Жағдай ауылдық округ әкімінің, полиция мен ветеринарлық пунктің бақылауында. Аудан әкімдігі тарапынан көлік мәселесі шешілді», – деп атап өтті Алматы облысының әкімдігі.

Жануарлардың иесі - Қырғауылды ауылының тұрғыны Алексей есімді азамат. 

«Бұл отбасы осындай жағдайға қатысты 2022 жылы айыппұл арқалаған. 2023 жылы 10 бас жануарды ветеринарлық станцияға тіркеткен. Бүгінгі жағдай біздің мекеменің бақылауында. Қорада механикалық және бірнеше дизенфекциялық тазартулар жүргізіледі», – деп мәлімдеді Қарасай аудандық ветстанцияның өкілі.

Ал Райымбек ауылдық округінің әкімдігі жануарлардың иесі санитарлық талапқа бағынбай келе жатқанына 10 жылдан асқанын мәлімдеді. Арасында айыппұл төлеген. 

Фото: Видеодан алынған скрин 

Байланысты жаналықтар

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

29.03.2023

Сот Арман Шораевты кінәлі деп тапты 

14.03.2023

Медициналық сақтандыру қорына шағым көп

12.04.2022

Амандық Баталов: Маған демагог керек емес

19.02.2020
MalimBlocks
«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

Олардың шағымын журналистер ғана тыңдады

Сот Арман Шораевты кінәлі деп тапты 

Ол сот шешімімен келіспейтінін айтты

Медициналық сақтандыру қорына шағым көп

Шағымдар былтырғымен салыстырғанда шамамен 2 есеге артқан.

Амандық Баталов: Маған демагог керек емес