Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

Ресми сапар 24-25 сәуірге жоспарланған.

Malim Админ

  • 23.04.2024

Д. Кэмерон алдымен Қазақстан президентінің қабылдауында болады. Одан соң Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер өткізеді деп күтілуде, деп хабарлайды Malim.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелесі мен өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқыланбақ. 

Бұған дейін Дэвид Кэмеронның Тәжікстан және Қырғызстан елдеріне сапарлайтыны хабарланған еді.  

Фото: jjtv.kz