"Түсіністікпен қараңыздар": 20 миллионға демалатын орны бар әжетхана салынбақ

Malim Админ

  • 17.03.2021

Қостанай облысында 20 миллион теңгеге демалатын орны бар биодәретхана салынбақ.

Alau.kz мәліметінше, биотуалет Қостанай-Қарабұтақ тасжолында Алчановка ауылына жақын жерге салынбақ. Көлемі 40 шаршы метр дәретхана құрылысына 20 миллион теңге жұмсау жоспарлануда. Әжетханада демалатын бөлме, wi-fi, ұялы телефон байланысы, бейне бақылау камерасы болады.

«Қазавтожол» ҚФ директорының орынбасары Хамза Сұлтановтың сөзінше, көпшілік туалет құрылысына бөлінетін 20 миллион теңге қаржыға үреймен қарайды. Оған түсіністікпен қарау керек. Себебі қажет құрылыс материалдарының барлығы Алматыдан әкелінеді.

«Көпшілікті «неге 20 миллион теңге?» деген сұрақ үрейлендіреді. Түсіністік болса екен дейміз. Алматыдан әкелу, подстанция құрылысы, іргетасын дайындау, құрылғылар – вандализмге қарсы ұялы байланыс, бейне бақылау, телефон 24/7. Панно ақпараттық болады. Сомма жайдан-жай белгіленген жоқ», - дейді Сұлтанов.

Соңғы уақыттары Қазақстанда дәретхана төңірегінде дау жиі шығатын болды. Осыдан біраз уақыт бұрын Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әрқайсысы 11 миллион теңге тұратын екі биотуалет сатып алмақ болған. Бірақ БАҚ пен әлеуметтік желідегі талқылаулардан кейін, ол бастамасынан бас тартқан.

Оқи отырыңыздар: Түймебаевтың әжетханасы қанша миллион тұрады?

Байланысты жаналықтар

Тоқаев: Шикізатқа арқа сүйеп отырған ел алысқа бармайды

31.05.2024

Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі туралы айтты

31.05.2024

Президент Алматыда ғалымдармен кездесті

31.05.2024

«Алаңдамаңыздар»: Mass Alert жер сілкінісін ескерту жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр

31.05.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

31.05.2024

Қостанай облысында бас бухгалтер мемлекеттік бюджетті алты жыл бойы ұрлаған

30.05.2024
MalimBlocks
Тоқаев: Шикізатқа арқа сүйеп отырған ел алысқа бармайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ғылым мен жоғары білім салаларын дамыту үшін қабылданып жатқан кешенді шараларды атап өтті

Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі туралы айтты

Президент қазір қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі кеңінен талқыланып жатқанын сөз етті.

Президент Алматыда ғалымдармен кездесті

Қазір — ғылым мен білімнің заманы.

«Алаңдамаңыздар»: Mass Alert жер сілкінісін ескерту жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр

Mass Alert жүйесінің SMS-ке қарағанда бірқатар артықшылығы бар.

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

Президент ғалымдармен, бизнес өкілдерімен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізеді.

Қостанай облысында бас бухгалтер мемлекеттік бюджетті алты жыл бойы ұрлаған

Сот үкімімен уәкілетті тұлға 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.