Футбол: ПСЖ Боруссия Дортмунд клубынан жеңілді

Есеп: 1:0 UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы екінші ойында Германияның «Боруссия Дортмунд» клубы Францияның «Пари Сен-Жермен» командасынан басым түсті.

Malim Админ

  • 02.05.2024

Ойын басталған бетте қос команда шабуылды үдетті. Алайда, бір-бірінің қақпасынансаңылау таппады. 
Көп кешікпей, ойынның 36-минутында германиялық «Боруссия Дортмунд» клубының Никлас Фюллькруг гол соқты. Сөйтіп, есепті 1:0 етіп, немістер алға шықты. ПСЖ қанша талпынғанымен, есепті теңестіре алмады.  
Бұған дейін хабарланғандай, жартылай финалдың қарымта ойындары мамырдың 7-8 күндеріне жоспарланған. Ал, финал 1 маусымда Англияның «Уэмбли» стадионында өтпек.

Фото: championat.com